Атырау, 19 сәуір 16:17
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Динамода болған жағдай: арнайы прокурорлар Қылмыстық кодекстің «бір топ адамдар жасаған азаптау» бабы бойынша іс тергеп жатыр

1 644 просмотра

«Динамо» спорт залында азаптау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр ма? «АЖ» осы сауалдарды облыс прокуратурасына жолдаған болатын.

Бүгінде белгілісі, облыс прокуратурасына азаптау деректері бойынша 12 арыз түскен. Ұрып-соғу және басқа да шағымдарды тексеру үшін ҚК-тің 146-бабы 2-тармағының 1-тармақшасы («Адамдар тобымен жасалған азаптаулар») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

- Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады. Сұрау салуда көрсетілген өзге мәселелер сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiнiң құпиясы болып табылады және ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, - деп жауап берді Атырау облысы прокурорының орынбасары Абзал ҒИЛЫМ.

Айнур САПАРОВА

17 ақпан 2022, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.