Атырау, 24 сәуір 00:02
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«АЖ» не туралы жазды: Шырдабаев пен оның жанындағылардың апатты түрде қонуы

1 426 просмотра

1998 жылдың күзінде Атырау облысының басшылары мен астанадан келген жоғары мәртебелі мейман – ҚР Жоғары тәртіптік кеңесінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов мінген тікұшақ Ембі өзеніне жақын жерде апатқа ұшырады.

Бұл қалай болды. 15 наурызда сағат 14.50-де Атырау әуежайынан Теңіз бағытына МИ-8 МТВ тікұшағы көтерілді. Бортта Әбдікәрімов пен оның көмекшісі Жуксибеков, облыс әкімі Равиль Шырдабаев, оның бірінші орынбасары Жақсылық Тұңғатаров, облыстық Тәртіптік кеңестің төрағасы Арыстанғали Әшімғалиев, Жылыой ауданының әкімі Т.Жұмағұлов және тағы үш адам болған. Құрамында командир А.Павлов, 2-ұшқыш В.Бушемятов және бортмеханик У.Шариков бар тәжірибелі экипаж Теңіз бен Құлсарыға баратын бағыттар олар үшін үйреншікті болғандықтан көкте тосын сый болады деп күткен жоқ.

Теңізге барған делегация ТШО жұмысымен танысқан соң, тікұшақ одан әрі шығысқа – «Ақ мешіт» мазарын бетке алып, келген меймандармен сол жердегі әулиеге зиярат ету үшін бірнеше минутқа қонады. Соңғы рет экипаж сағат 18.20-да байланысқа шыққан, содан кейін хабар үзілген.

Бір сағат бойы құрлықтағы қызметтер байланыстың қалпына келуін күтті, бірақ эфирде ұзақ үнсіздіктен кейін сағат 19:45-те дабыл қағылды. ТЖД, полиция, ҰҚК және облыстық, Жылыой әкімдіктерінің қызметкерлері аяқтарынан тік тұрды. Операцияны облыс әкімінің орынбасары М.Борисенко басқарды. Түнде шұғыл түрде жоғалғандарды іздестіру үшін резервтік тікұшақ дайындалды. Алайда ол түннің бір уағында сағат 23:45-те ғана көкке көтерілді. Бұл уақытта Жылыой әкімдігінің көліктері «Ақ мешітке» қарай бет алып, әкім мен қонақтар мінген тікұшақтың Атырауға қарай кешкі сағат 7-де ұшып кеткенін білді. Осы ақпаратты алғаннан кейін шұғыл арада іздестіру үшін GPS спутниктік навигация жүйесімен жабдықталған тағы бір тікұшақ Атыраудан ұшып шықты.

№27057 борттың мәжбүрлі түрде қонуы мен түнде далада қалуы, оның экипажы мен жолаушыларының тағдыры туралы әп-сәтте адам нанғысыз қауесет тарап кетті. Кейін белгілі болғандай, «Ақ мешіттен» ұшып шыққаннан кейін бірнеше минуттан соң осы мазардан шамамен 15-20 шақырым жерде тікұшақ қозғалтқышы істен шығып, шамамен 50 метр биіктіктен Ембі өзенінің арнасына жақын жерге апатты қонуға мәжбүр болды. Жолаушыларды осы кластағы тікұшақтардың ерекшелігі құтқарып қалған. Винттер баяу айналса да «авторотация» режимінде МИ-8 қонуға қабілетті. Қалай болғанда да, мұндай жағдайда ол жерге жалп етіп құламайды деп үміттенуге болады. МИ-8 және оның модификациялары әлемдегі ең сенімді тікұшақтардың бірі болып саналады. Жолаушылар үшін бұлай қону өте ауыр болғаны анық, бірақ, бағына орай, ешкім қатты зардап шеккен жоқ. Оларды түнгі сағат 2-3 шамасында – қонған жерлерінен алыстан тапты. Шенеуніктер күннің суығы пен түнгі уақытқа қарамастан соңғы ұшып шыққан жерлеріне баруды ұйғарған. Түнде бірнеше сағат ішінде олардың ондаған шақырымды жүріп үлгергенін есептеу қиын емес. Жолаушылардан ешқайсысы зардап шеккен жоқ, өйткені олар келесі күні жұмыстарында болды: Әбдікәрімов азаматтарды қабылдап, баспасөз мәслихатын өткізді, облыс әкімі мен оның бірінші орынбасары түстен кейін жұмыс орындарында отырды.

15 наурызда Жылыой ауданының көгінде орын алған оқиға жолаушылардың дәрежесіне қарамастан міндетті түрде газетіміздің бетінен орын алар еді. Ал зардап шеккендердің болмағанына шын жүректен қуаныштымыз.

Фархат АБИЛОВ

14 ақпан 2022, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.