Атырау, 24 сәуір 17:41
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Brent мұнайы 2014 жылдан бері алғаш рет барреліне 96 доллардан асты

1 430 просмотра

Brent маркалы мұнай бағасы дәл осындай көрсеткішке 2014 жылдың 1 қазанынан бері алғаш рет жетіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 07:06-дағы жағдай бойынша Brent мұнайының сәуірдегі фьючерстерінің бағасы шамамен 0,9%-ға өсіп, барреліне 96,02 долларға жетті. Ал наурыздағы фьючерстері 1,8%-дан астамға өсіп, барреліне 94,82 доллар болды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Әлемдік нарықтағы мұнайға қатысты жағдайды «Газпром нефть» басшысы Александр Дюков бағалады. Оның пікірінше, барреліне 90 долларға жуық баға дағдарысқа дейінгі көрсеткішпен бірдей.

Мұндай көрсеткішке әртүрлі факторлар әсер етеді: нарықтық, саяси және тағы басқа, - деді Александр Дюков.

Сарапшының айтуынша, мұндай жағдай өндірушілерді қуантпай қоймайды. Алайда жобаларды дамытуға тұрақты инвестиция салу үшін мұнай нарығындағы тұрақтылық маңызды. Александр Дюковтың пікірінше, ұзақмерзімді тұрақтылық пен аз құбылмалылық өте қажет.

Бір сәтте бағаның тым жоғары болатынын түсінсек, бұл бағаның күрт төмендеуі кезеңімен жалғасуы мүмкін. Ал мұндай өзгерістер инвестициялық шешімдерге тікелей әсер етеді, - деді Александр Дюков.

14 ақпан 2022, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.