Атырау, 7 қазан 21:26
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырау облысында бір тәулікте 17 адам COVID-19 жұқтырған

1 065 просмотра

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 17 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 10 жағдайы расталды. Ал, 2 науқас -  Теңіз кен орнында анықталған, 3 -  Жылыой ауданында, 1 - Қызылқоға ауданында, 1 науқас - Мақат ауданында анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 10 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 7 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 303 адам емделді.

Қазір 1454 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 11, модульдік ауруханада - 89 фтизиопульманологиялық орталықта - 31 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 31. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 1 науқас емделдіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

14 ақпан 2022, 08:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.