Атырау, 7 қазан 21:34
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Перзентханаларда ақылы қызмет құны заңсыз көтерілген

1 265 просмотра

Атырауда прокуратура перзентханалардағы ақылы қызмет құнының заңсыз көтерілгенін анықтады. Онда шығындарға заң бойынша міндетті қызметтер тізімінен шығарылған қызметтер негізсіз қосылған.

Облыстық перинаталды орталық пен қалалық перзентханада, мысалы, қызметтер тізіміне жүктіліктің екінші триместрін скринингтік тексеру енгізілген. Алайда денсаулық сақтау министрлігі бұл процедураны 2017 жылы алып тастаған болатын. Ал қалалық перзентханада медициналық мекемеде генетик маман жоқ болса да, оның кеңесі қосымша төленген.

- Прокурорлық шараларға сәйкес, ақылы қызмет құны облыстық перинаталды орталықта 175 мың теңгеден 130 мың теңгеге дейін, қалалық перзентханада 125 мың теңгеден 109 500 теңгеге дейін төмендетілді, - дейді Атырау қалалық прокуроры Аршат ТАЙТУЛЛИН.

Бұдан басқа, бұрын босанған әйелдер сәбилерімен және түрлі себептермен нәрестелерінен айырылған әйелдер бір палатада жатты. Бұл баласынан айырылған әйелдерді психологиялық тұрғыдан күйзеліске түсіріп, кейде суицидтік ойларға жетелейді. Прокурорлар мұндай жағдайда әйелдерді бөлек палатада жатқызуды ұсынды. Дәрігерлер мұнымен келісті.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 ақпан 2022, 00:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.