Атырау, 30 наурыз 08:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 446.78
€ 481.81
₽ 4.84

Әлеуметтік бюджет жарты миллиардқа көбейді

1 217 просмотра

Биыл Атырау облысына әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға жергілікті және республикалық бюджеттен барлығы 11 млрд 79 млн (былтыр 10 млрд 610 млн 600 мың теңге) бөлінді. Бұл қаржының бәрі облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының атқарылатын жұмыстарына бағытталған.

Оның 5 млрд 850 млн 900 мың теңгесі облыс орталығына арналған: оның ішінде, атаулы әлеуметтік көмек, кепілдендірілген әлеуметтік топтамалар (пакет) беруге 1 млрд 66 млн 200 мың теңге; әлеуметтік жұмыс, жастар практикасы, мемлекеттік гранттар, алғашқы жұмыс орны, қоғамдық жұмыстарға 1 млрд 86 млн 100 мың теңге; тифло-сурдотехникалық құралдарға, протездік-ортопедиялық көмектерге, мүгедектерді санаториялық курортық емдеуге 1 млрд 342 млн 700 мың теңге; арнаулы қызмет көрсету орталықтарын және басқа да шараларға қаржы қарастырылып отыр.

Ал қалған сома жеті аудандағы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне бөлінген.

Сонымен бірге, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасының мәліметінше, биыл 1 қаңтарда облыс бойынша 1 575 отбасындағы 8 726 адамға 554 млн 700 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Осы көмекті алатын отбасылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 1 918 балаға 94 млн 400 мың теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтамалар берілген.

Мүгедектігі бар 15 мыңнан астам адамды арнайы техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Жалпы, бүгінде облыста 23 319 мүгедек тұрады. Оның ішінде I-топтағы – 1 961 адам, II топтағы – 9 392 адам, III топтағы – 8 160 адам және 3 806 мүгедек бала бар.

Бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарға облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығы және үш арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 1 381 адамға қызмет көрсетеді.

Айнұр САПАРОВА

14 ақпан 2022, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.