Атырау, 13 қазан 10:30
 дождьВ Атырау +15.2
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

Ақсай қалаға «жақындады»

2 555 рет қаралды

Атырауда қала маңындағы №59 маршруттың жүру жолы ұзартылды.

– Қайыршақты ауылдық округінің тұрғындары әкімдікке қала іргесіндегі Ақсай ауылының шалғайдағы көшелеріне автобус қатынамайтынын айтып шағымданды. Тұрғындар не ұзақ жүруге, не такси жүргізушілеріне артық ақша төлеуге мәжбүр. Қазір маршрут 2 шақырымға ұзартылды, осылайша №30 көше қосымша қамтылды, – дейді «Смарт Атырау» КММ директоры Рүстем ЕРНИЯЗОВ.

Бұл бағыт жолаушылар мен тасымалдаушыға ыңғайлы болу үшін екіге бөлінуі мүмкін. Бұл мәселе әлі талқылануда. Бұдан басқа, бұл бағыт бойынша автобустар саны 8-ден 9-ға дейін көбейді.

Айта кетейік, қала маңындағы бұл бағытқа «AKZHAYIK AVTOPARK» ЖШС қызмет көрсетеді.

Атырауда барлығы қалада 17 және қала маңында 13 бағытқа жүретін 170 автобус бар. Тариф барлық бағытта бірдей – жол жүру картасы барлар үшін 80 теңге, қолма-қол ақшамен төлесе 150 теңге. Мектеп оқушыларына жеңілдікпен жол жүру қарастырылған – күніне 2 рет жол жүру тегін, қалғандары – 50% жеңілдікпен, яғни әрқайсысы 40 теңгеден; студенттер үшін – 50% жеңілдікпен 2 рет, қалғандары – толық құнымен; I және II топтағы мүгедектерге, көп балалы аналарға – тегін, зейнеткерлер мен III топтағы мүгедектерге – 40 теңге.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 ақпан 2022, 18:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.