Атырау, 24 қараша 22:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​НАТО: Қазір Еуропа қауіпсіздігі үшін қауіпті сәт

1 829 просмотра

Бұл Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынастың ушығуына байланысты болып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

НАТО штаб пәтерінде өткен кездесуінен кейін осы ұйым басшысы Йенс Столтенберг және Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон осындай мәлімдеме жасады. Ресей билігі жағдайдың шиеленісуіне жауапкершілікті НАТО мен Украинаға артып, әскери блоктың шығысқа кеңеюін өз еліне төнген қатер деп қарастырып отыр.  

Йенс Столтенберг, НАТО ұйымының бас хатшысы: 

– Бұл Еуропа қауіпсіздігі үшін қауіпті сәт. Ресей қарулы күштерінің саны өсіп келеді.  НАТО Ресейге қауіп төндірбейді, бірақ біз жағдайдың ушығуына дайын болуымыз керек. Мәселенің саяси шешімін іздеуден айнымау керек.

11 ақпан 2022, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.