Атырау, 7 қазан 21:32
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Владимирский, 99 және Азаттық, 67А мекен-жайындағы қос жатақхана биыл күреледі​, қалғаны кейінге қалды

Сурет
1 912 просмотра

Атырау қаласында бүгінгі таңда апатты күйде тұрған 86 тұрғын үй мен жатақхана бар. Қала әкімдігі биыл екі жатақхананы күреп, тұрғындарын жаңа қонысқа көшірмек.

Балия, Владимирский көшесі, 99 үйдегі жатақхананың тұрғыны:

- Бұл жатақхана тұрғындарының басым көпшілігі медицина қызметкерлері. Көбінің жасы келген. Қазір жатақханада ыссы су мүлдем жоқ, салқын су жоғары қабатқа сызықтап көтеріледі. Дәліздердегі ашық жатқан электр кабельдері де балалар үшін қауіпті жағдайда. Қазір мен ұлым баспана алып, сонда тұрып жатырмын. Ал, жатақханадағы пәтерімді тіпті жалдап қоюға арым жібермейді.

Атырау қалалық ТКШ бөлімінің тұрғын-үй секторының меңгерушісі Рафхат Жолдиевтің айтуынша, биыл жоспарда Владимирский көшесі, 99 үй және Азаттық даңғылы, 67А үй мекен-жайындағы қос жатақхана биыл күреледі деп жоспарда тұр.

- Бұл үйдің тұрғындары Береке ықшамауданына көшіріледі. Ал, апатты жағдайдағы қалған 84 үйді күреу қаражаттың бөлінуіне байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

14 ақпан 2022, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.