Атырау, 24 желтоқсан 06:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Дүйсенбіден бастап барлық оқушы мектепте оқиды

1 746 рет қаралды

14 ақпанда Атырау облысында барлық сынып оқушылары мектепке барады.

– Үшінші тоқсан басталғалы мектептердің көпшілігінде орта және жоғары сынып оқушылары онлайн режимде білім алуда. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты келесі аптадан бастап Атырау облысындағы мектептерге офлайн режимде жұмыс істеуге рұқсат етілді, – дейді облыстық басқарма басшысының орынбасары Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА. – Бірақ егер оқушылардың бірінен коронавирус анықталса, онда бүкіл сынып 2 аптаға қашықтан оқытуға жіберіледі. Оқушының ата-анасы ауырып қалса, ол науқаспен байланыстағы адам деп есептеліп, онлайн оқитын болады.

А.Дүйсекенова білім беру ұйымдары барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтайтынын: сыныптарды желдетіп, кварцтап, есік тұтқаларын антисептикалық құралдармен өңдеп, дәретханаларды әр 2-3 сағат сайын тазалайтынын және т.б. атап өтті.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 ақпан 2022, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.