Атырау, 7 қазан 23:25
 ашықВ Атырау +21
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырау облысында бір тәулікте 46 адам COVID-19 жұқтырған

1 422 просмотра

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 46 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 35 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 7 науқас анықталды. Ал, 1 -  Индер ауданында, 2 - Исатай ауданында, 1 науқас Құрманғазы ауданында анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 25 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 21 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 401 адам емделді.

Қазір 2 533 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 17, модульдік ауруханада - 109 фтизиопульманологиялық орталықта - 25 адам, 
аудандық инфекциялық стационарларда - 41. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 1 науқас емделдіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймақта.

9 ақпан 2022, 09:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.