Манап Тасболатұлы бұған дейін 2014 және 2019 жылдардағы халықаралық санаттағы үздік төреші атағын алған болатын. Ол өз мансабында Беларусь, Әзірбайжан, Тәжікстан, Чехия, Оңтүстік Корея, Ресей, Макао, Бахрейн және Болгарияда өткен ірі турнирлерде төрелік етті.
***
Атырауда бокстан 2008-09 жылғы жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті. Жарысқа 200-ден астам жас былғары қолғап шеберлері қатысты.
Д.Бағытжанов, Ә.Қасымов, Р.Әміржан, Е.Қайырқожа, Н.Алдаберген, М.Рашид, Ж.Шапиғолла, Қ.Құрманғазы, С.Бауыржан, Ә.Қонысов, Ш.Самат, И.Беркінғали, Т. Қожамұрат , А.Жақсылық, Е.Марат, И.Мәмбетов, М.Айтжанов, Ж.Ибатолла, М.Болат және Н.Қабсәлімов өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз атанды. Олар ҚР чемпионатының Батыс аймақтық турнирінде облысымыздың намысын қорғайды.
***
Атыраулық балуандар Әбу-Дабиде аралас жекпе-жек (ММА) бойынша өткен әлем чемпионатында екі қола алқа алып келді.
70,3 келіге дейінгі салмақта Неймат Асадов, 52,2 келіге дейінгі салмақта Ерұлан Қабдолов үздік шықты. Спортшыларды жаттықтырушылар Каштенбай Мерей мен Бауыржан Берғали жаттықтырды.
***
Атырауда «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысының жүлдесі үшін әскери қоян-қолтық ұрысы бойынша «Қазақ жауынгері» турнирі өтті.
Жарысқа Ақтау, Атырау гарнизондарының әскери қызметшілері, күш құрылымдарының қызметкерлері қатысты.
Қорытынды бойынша 1-орынды Ақтау қаласынан Теңіз жаяу әскері әскери бөлімінің командасы, екінші орында «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлау полкінің командасы және үшінші орында облыстық полиция департаментінің командасы иеленді.
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ