Атырау, 7 қазан 23:20
 ашықВ Атырау +21
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қазақстандық оқушылар 16 ақпаннан бастап дәстүрлі форматқа көшеді

1 658 просмотра

Қазақстандық мектеп оқушылары дәстүрлі форматқа қашан көшетіні белгілі болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, мектеп оқушылары 14 ақпаннан бастап дәстүрлі форматқа көшеді.

"Ведомствоаралық комиссияның отырысында мектептерді толыққанды офлайн оқыту форматына көшіру мәселесі қаралды. Нәтижесінде 2022 жылдың 14 ақпанынан бастап барлық сынып оқушылары дәстүрлі  форматқа көшеді", - деді Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, 24 қаңтардан бастап 600-ге дейін оқушысы бар мектептер толыққанды офлайн форматқа көшкен болатын.

8 ақпан 2022, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.