Атырау, 24 сәуір 13:35
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Атырау облысы "сары" аймаққа өтті

1 147 просмотра

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 23 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 21 жағдайы расталды, Ал 1 науқас - Исатай ауданында, 1 науқас Махамбет ауданында анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 9 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 14 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 421 адам емделді.

Қазір 2 865 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 15, модульдік ауруханада - 100,  фтизиопульманологиялық орталықта - 39 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 51. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 1 науқас емделіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймаққа өтті.

8 ақпан 2022, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.