Атырау, 25 сәуір 06:45
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырау әкімдіктеріне 811 миллионға компьютер сатып алынады

1 452 просмотра

Атырау облысы әкімдігі көктемде 811 млн 69 мың 29 теңгеге 1244 компьютер сатып алуды жоспарлап отыр. Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған конкурста бір кеңселік әмбебап компьютер бағасы 651 984 теңге деп көрсетілген.

Әкімдіктің мәліметінше, жаңа компьютерлер барлық жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде ауылдық округ әкімдігі аппараттарындағы қолданыстағы компьютерлерді алмастырады.  

"Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдарда қолданылып жүрген компьютерлер 2012-2013 жылдары сатып алынған. Компьютерлердің қызмет ету мерзімі 4 жыл. Ал, он жыл бойы жұмыс істеп келген компьютерлер қазір істен шыға бастады. Мемлекеттік органдар электронды құжат айналымына көшіп, мемлекеттік қызметтер электронды форматқа ауысып жатқан кезеңде бұл жағдай жұмыс сапасына кері әсерін тигізуде", деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста жергілікті атқарушы органдардағы штат саны техникалық қызметкерлерді қоспағанда 1447 қызметкерді құрайды.

Ержан ТӨЛЕК, Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

- 9 коммерциялық ұсыныс бойынша бір компьютердің ең төменгі жиынтық бағасы 730 мың 222 теңгені құрады. Бірақ бұл баға конкурстық рәсімдер кезінде төмендеуі мүмкін. Ал қолданыстағы ескірген компьютерлердің бір бөлігі алдағы жұмыстарға пайдаланылады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

8 ақпан 2022, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.