Атырау, 18 сәуір 14:52
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Мұнайсервис өкілдері «Самұрық-Қазынаға» жүгінді

982 просмотра

Мемлекет бизнес көрсететін қызметтерді көрсетпеуі керек және мемлекет қатысатын компаниялар мен олардың еншілес компанияларын құру мүмкіндігінше шектелуі керек, - деп санайды кәсіпкерлер. Бір ғана «ҚазМұнайГаздың» жеке бизнеспен бәсекелесіп, тендерлерге қатысатын 10 еншілес кәсіпорны бар.

– Бұл мәселе көптен бері көтеріліп, бірнеше рет заңнамалық актілерге кейбір түзетулер енгізіліп, монополияға қарсы орган басшылығымен де талқылауға әрекет жасалды. Дегенмен қазіргі уақытта мемлекет кәсіпкерлік қызметте тікелей немесе жанама түрде ұсынылған. Квазимемлекеттік компаниялар жеке сектормен бәсекелесе отырып, бәсекелес ортаға әлеуетті түрде беруге болатын қызмет түрлерін жүзеге асырады. Нәтижесінде біз квазимемлекеттік сектордың көбеюі мен тиімсіздігін байқап отырмыз, бұл бизнестің әлеуеті мен даму болашағын тікелей шектейді, - деді «АЖ»-мен сұхбатында «Атамекен» ҰКП және «Kazenergy» қауымдастығы жанынан құрылған «Petrocouncil» мұнайгаз саласындағы стратегиялық серіктестікті дамыту жөніндегі кеңесінің басқарма төрағасы Асылбек ЖӘКИЕВ.

Осыған байланысты мұнайсервис саласының өкілдері «Самұрық-Қазына» АҚ-на ашық хат жазды. Хат жеке бизнеспен бәсекеге түсетін және тендерлерге (холдингішілік кооперация) қатысуда артықшылыққа ие «ҚазМұнайГаз» еншілес компанияларына қатысты. Кәсіпкерлер бұл өзекті мәселе «Самұрық-Қазына» холдингінің трансформациясы кезінде өз шешімін табады деп үміттенеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 ақпан 2022, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.