Атырау, 24 қараша 22:48
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Беларусь: Украина жағдайды ушықтырып отыр

1 255 просмотра

Бұған дейін Александр Лукашенко Украина 15 жылдан кейін одақтас мемлекетке кіреді деп мәлімдеген еді. Украина билігі жағдайды ушықтырып отыр. Беларусьтың Қауіпсіздік Кеңесінің мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Олар ахуалды ушықтырып, шиеленісті өршітіп отыр. Ресей Федерациясының тарапынан агрессия төніп тұр деп айтуда. Менің ойымша, Мәскеудің шабуыл жасауы екіталай", – деді ол. Вольфовичтың айтуынша, жағдайды тұрақсыздандыру үшін жалған ақпарат таратылуда. 

"Америкалық кеңесшілер оларға қарулы күштерді қалай құру керектігін, не істеу керектігін айтып, бағыт-бағдар беріп отыр", – деп сөзін түйіндеді ол. Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко Украина 15 жылдан кейін одақтас мемлекетке кіреді деп мәлімдеді. "Егер біз қателік жібермесек, 15 жылдан кейін Украина одаққа кіруі мүмкін деп ойлаймын", – деді мемлекет басшысы.

7 ақпан 2022, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.