Атырау, 24 қараша 22:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еуроодақ газ он есе қымбаттайтынын мәлімдеді

1 186 просмотра

ЕО-ның сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Еуроодақтағы газ бір жылда 6-10 есе қымбаттағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропалық сыртқы байланыстар қызметінің сайтына сілтеме жасай отырып.

Боррель ЕО-да стратегиялық газ қорын игеру мүмкіндігін шұғыл түрде қарастыруға шақырды. Ол ұзақ мерзімді мақсатқа - энергия қуатын үнемдеуге шақырды. Оның айтуынша, Вашингтондағы ЕО-АҚШ энергетикалық кеңесі осы бағыттағы трансатлантикалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

"ЕО-дағы газ бір жыл бұрынғыға қарағанда 6-10 есе қымбаттады, бұл электр энергиясы бағасына үлкен әсер етеді. Өйткені бұл бағалар Еуропадағы электр энергиясының көтерме нарығында анықталады. Бұл 2021 жылдың аяғына инфляцияның өсуіне әкелді", - делінген хабарламада.

Саясаткер энергия бағасы 2022 жылы жоғары болса, инфляцияның жоғарылауына ықпал етсе, ол COVID-19 пандемиясынан кейін экономиканы қалпына келтіруге айтарлықтай әсер ететінін айтты.

Сонымен қатар, саясаткер қазір Еуропа Одағындағы газ импортының шамамен, 40 пайызы Ресейге, ал импорттан түсетін Ресей кірісінің 60 пайызы ЕО-дан келетінін және Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар енгізілген жағдайда Ресейден жеткізу көлемі қысқарып қалуына дайындық қажет екенін айтты.

"Қазір Ресеймен арада болып жатқан ауыр дағдарыс жағдайында баға мәселесі ғана емес, сонымен қатар, жеткізу қауіпсіздігі мәселесі де пайда болып жатыр. Энергетикалық саясат әрқашан ЕО мен Ресей арасындағы қарым-қатынаста үлкен рөл атқарады. Ресейден газ импортының жалпы коэффициентін төмендете отырып, жасыл энергияға өтуге ғана емес, стратегиялық тәуелділігімізді төмендетуге де инвестиция саламыз", - делінген хабарламада.

7 ақпан 2022, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.