Атырау, 27 сәуір 05:03
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Оқиғалар тізбегі

1 561 просмотра

31 қаңтарда Жылыой аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын 32 жастағы туған ағасының далада жоғалып кеткенін хабарлаған.

Қоңырау шалушының айтуынша, 30 қаңтарда шопан ағасы «УАЗ» көлігімен Сарыбұлақ ауылы маңындағы қыстақтан азық-түлік алуға кетіп, қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып, 1 ақпанға қараған түні полиция мен құтқарушылар жоғалған адамды Қадия маңынан аман-сау күйде тапты. Оның көлігі бұзылып, ал ол жерде ұялы байланыстың болмағаны белгілі болды. 

* * * * *

Атырау қалалық №1 ҚІБ-не белгісіз біреулер өндіріс қоймасына кіріп, бірнеше техникалық құрылғыларды алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Полицейлер 37, 36 және 34 жастағы үш күдіктіні ұстады. Олардың бұл қоймада бұрын да бірнеше рет «болғаны», ұрланған тауардың жалпы құны 4 миллион 540 мың теңгені құрайтыны белгілі болды. ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-тармағы («Аса ірі көлемдегі ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

* * * * *

1-31 қаңтар аралығында Атырау полиция басқармасының жедел басқару орталығының қызметкерлері «Interceptor» іздеу жүйесінің көмегімен жалпы сомасы 1 млн 743 мың теңге айыппұл төлемеген 70 автокөлікті анықтады. Көліктердің барлығы дерлік Ресейде немесе Арменияда тіркелген.

Мәселен, 24 қаңтарда Баймұханов көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері «Audi А4» көлігін тоқтатып, тексеру барысында жүргізушінің жалпы сомасы 119 мың 170 теңгені құрайтын төленбеген 8 айыппұлы бар екені анықталды. Көлік айып тұрағына қойылды. 

* * * * *

1 ақпанға қараған түні Берғалиев көшесінде полиция қызметкерлері жол жүру ережесін бұзғаны үшін «ВАЗ-21150» көлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжатсыз және мас болғаны белгілі болды.

ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-тармағы бойынша («Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдардың көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы») әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар сотқа жолданды. 

* * * * *

Атырау облысында «Тұрмыс» жедел-алдын алу шаралары барысында түрлі құқықбұзушылыққа жол берген 300-ге жуық адам жауапқа тартылды.

Атап айтқанда, 78 қорғау ұйғарымы шығарылып, 4 адам есірткі пайдаланғаны үшін, 8 адам қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкені үшін ұсталып, бес отбасы «қолайсыз» ретінде есепке алынған.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА мен Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 ақпан 2022, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.