Атырау, 27 желтоқсан 07:32
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Айыппұл өз алдына, ал таза ауаны кім қалпына келтіреді?

1 560 просмотра

Ауаның негізгі ластаушы көздері «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Атырау қаласының сол жағалауындағы «Тухлая Балка» булану алаңы», «Квадрат» булану алаңы және қалдықтар полигоны. Бұл туралы Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Әлібек БЕКМҰХАМЕТОВ өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте  хабарлады.     

Оның айтуынша, былтыр 2020 жылмен салыстырғанда ауаны ластаушы заттардың шығарындылар көлемі артқан. Бұл қосымша тұрақты көздердің шығарындыларына, алауларда газ жағу көлемдерінің ұлғаюы мен жаңадан пайдалануға берілген ұңғымаларға, сонымен қатар, эмиссиялардың ұлғаюына байланысты.

Былтыр экология департаменті 52 жоспардан тыс тексеру жүргізген. Нәтижесінде ҚР экологиялық заңнамасының талаптарын бұзған 177 дерек анықталған. Қоршаған ортаға келтірілген залал көлемі 1 млрд 15 млн 750 мың теңгені құрады. Оның басым бөлігі қоршаған ортаны бүлдірген мекемелерден өтелді.

Соттың шешімімен ҚР заңнамасы талаптарын бұзуға жол берген бірнеше табиғат пайдаланушының жұмысы тоқтатылды. Атап айтсақ, Доссорда «Sat Trans Service» ЖШС қалдықтарды басқару кешені, Қарабатан құрылыс аймағындағы Bazis Constructtion ЖШС-не суды уақытша минералсыздандыру құрылғысын пайдалануға тыйым салынды, KSS ЖШС қондырғыларын пайдалануға тыйым салынды. Сот шешімдері заң күшіне енді.

Айнур САПАРОВА

7 ақпан 2022, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.