Атырау, 29 наурыз 13:21
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Кісі өлтірдім деп жалған хабарлап, айыппұл арқалады

1 636 просмотра

1 ақпанда 102 пультіне Атырау қаласының 33 жастағы тұрғыны қоңырау шалып, өзінің Авангардтағы үйлердің бірінде бір адамды өлтіргенін мойындады. Тексере келе полицейлер оның өтірік екенін, қоңырау шалушының мас болғанын анықтады.

Ер адам мас болып, полицияны көрінеу жалған шақырғанын (ҚР ӘҚБтК 438-бабы) мойындады. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оған қатысты 91 890 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Айта кетейік, Атырау облысында өткен жылы полицияға жалған қоңырау шалғаны үшін 60-қа жуық адам, биылғы жыл басынан бері 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

3 ақпан 2022, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.