Атырау, 24 сәуір 16:34
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Атырауда облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевқа қатысты сот басталды

2 692 просмотра

Жақында №2 қалалық сотта «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" (ҚК 189-бабының 4-тармағы) бойынша айыпталған Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат НҰРЛЫБАЕВҚА қатысты қылмыстық іс қарала бастады.

Еске салсақ, ол 2019 жылы ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары болып тұрған кезде Құрманғазы ауданындағы «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне 83,7 миллион теңге инвестициялық субсидияны заңсыз төлеген деп айыпталды. Осыған орай, өткен жылдың күзінде «АЖ» газетінде қылмыстық іс қозғалғаны туралы жарияланғаннан кейін қазіргі сотталушы біздің тілшімізді ҚР ҚК 147-бабы («Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және ҚР дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу») бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арызбен полицияға жүгінген еді. Рас, кейін ақылға салып, арызын кері қайтарып алды. 

Сот отырысына судья Ержан ӘЛІПҚАЛИЕВ төрағалық етуде, мемлекеттік айыптаушы ретінде қалалық прокуратураның бөлім басшысы Қуаныш ШУНКАНОВ, ал зардап шегуші тарап ретінде Атырау облысы әкімінің аппараты қатысып жатыр. Қ.Нұрлыбаевты адвокаттар Ринат ҚОЖАНТАЕВ, Жәнібек КӨБЕГЕНОВ және Болатхан НҰРЫШКЕНОВ, ал осы іс бойынша екінші айыпталушы, «Бұйырғын» құрылтайшысы Нұрлан БИСЕМБАЕВТЫ адвокат Қайрат ДЕМЕСІНОВ қорғайды. 

Қазір сотта куәгерлерден, атап айтқанда ауыл шаруашылығы басқармасының мамандарынан жауап алу жалғасып жатыр. 

Айнұр САПАРОВА

3 ақпан 2022, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.