Атырау, 20 сәуір 18:48
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Музей үшін жаңа ғимарат болмайды

Сурет
1 300 просмотра

Атырау тарихи-өлкетану музейі үшін жаңа ғимарат салынады деп хабарланған құрылыс уақыты бұрын басқа мақсат үшін берілген аумақта бөлінген жер учаскесіне шекара белгіленуіне байланысты белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.

Былтыр күзде өткен брифингтердің бірінде облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимаратының құрылысы 2022 жылы басталатыны туралы қуанышты хабар айтылған болатын. Алайда, «АЖ» анықтағандай, тендер жарияланбаған екен, тіпті бюджеттен қаражат бөлу қарастырылмаған.

Қазір музей 1999 жылы салынған ғимаратта орналасқан. Оның қорында 60 мыңға жуық әртүрлі жәдігер бар: қолданбалы өнер туындылары, түрлі дәуірдегі әскери сауыт-сайман мен қару-жарақ, хандар мен батырлардың мөрлері, көне зергерлік бұйымдар, тұрмыстық бұйымдар және басқа да бірегей заттар көп. Бірақ, өкінішке орай, оның көпшілігі қоймаларда сақталған, келушілерге қолжетімді емес. Ал қазіргі шағын залдарға (олардың ауданы 916,72 шаршы метр) қойылған экспозиция небәрі 10 мың жәдігерден тұрады. Одан артығы сыймайды.

Жаңа музей салу қажеттігі талай рет айтылды. Оның үстіне, оның жұмыс жобасы сонау 2019 жылы әзірленді.

Облыстық құрылыс басқармасының «АЖ» сауалына берген жауабына сүйенсек, қаланың ескі бөлігінде Гагарин-Молдағұлова көшелерінің маңынан 4 қабатты жаңа ғимарат салынбақшы. Оның ауданына – ал бұл 18 мың шаршы метрден астам - кең көрме залдары, қалпына келтіру шеберханасы, қор қоймасы, кинозал және тіпті кәдесый дүкені бар буфет сыйып кетеді.

Бірақ кейіннен жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтпеді. Құрылыс басқармасының «АЖ»-ға берген жауабында айтылғандай, «жер телімінің қате бөлінуіне байланысты». Бұл жерге 2000 орындық мектеп салу қарастырылған.

Жобаның бұдан кейінгі тағдыры белгісіз.

Лев Гузиков

Суреттерде: жаңа музейдің эскиздік жобасы

 

«АЖ» анықтамасы:

Облыстық тарихи-өлкетану музейі 1939 жылы 22 шілдеде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен мектеп мұражайының негізінде құрылды. Оның ресми ашылуы 1940 жылы 5 қарашада өтті, алғашқы экспозиция небәрі екі жүз жәдігерден тұрды. Бастапқыда музей бұрынғы Орджоникидзе (қазіргі Әйтеке би) көшесіндегі бұрынғы Ескі шіркеуде орналасқан, ол жерден 1999 жылы басқа ғимаратқа көшкен, қазір де осы жерде тұр.

1 ақпан 2022, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.