Атырау, 20 сәуір 12:32
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Биыл қай үйлер терможаңғыртудан өтеді

1 224 просмотра

Биыл Атырауда  «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында 25 көпқабатты үй терможаңғыртудан өтеді. Төменде соның тізімі бар. 

1. Момышұлы көшесі, 23 үй

2. Момышұлы көшесі, 25 үй

3. Момышұлы көшесі, 27 үй

4. Сары-Арқа м/а, 29 үй

5. Молдағалиев көшесі, 29үй

6. Абай көшесі, 17а үй

7. Азаттық даңғалы, 75 үй

8. Досмұхамбетов көшесі, 5үй

9. Махамбет көшесі, 109 үй

10. Сатпаев көшесі, 19 үй

11. Сатпаев көшесі, 19а үй

12. Құлманов көшесі, 154 үй

13. Авангард-4 ш/а, 3а үй

14. Авангард-4 ш/а, 4а үй

15. Авангард-4 ш/а, 11 үй

16. Авангард-4 ш/а, 14 үй

17. Авангард-4 ш/а, 15 үй

18. Авангард-4 ш/а, 21 үй

19. Сары-Арқа м/а, 33 үй

20. Сатпаев көшесі, 54 үй

21. Сатпаев көшесі, 32 үй

22. Владимирский көшесі, 100 үй

23. Лесхоз м/а, 11 үй

24. Сатпаев көшесі, 12 үй

25. Сатпаев көшесі, 13 үй енген.

«Қаланың тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС директоры Бауыржан ТОКУМБАЕВТЫҢ айтуынша, жаңғырту жұмыстарына қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді. Ал тұрғындар ол қаржыны келісімшарт негізінде 10 жыл ішінде қайтарып береді.

- Терможаңғырту кезінде қандай жұмыстар жүргізіледі?

- Әр үйдің жағдайына байланысты әр түрлі жұмыстар жасалады. Шатыр, дәліз, кейбірінде жертөле тазаланып, жылу құбырлары ауысады. Егер үйдің қасбеті панелден болса сырланып, ақталады.

- 25 үйдің терможаңғырту жұмыстары қашан басталады?

- Қазір жұмыстарды жүргізу бойынша мердігерлерге хабарландыру жарияладық. Оларды іріктеу кезінде еңбек өтіліне, бұрын жасаған жұмыстарына қарап қабылдаймыз. Одан соң мердігер тұрғындармен кездесіп, жасайтын жұмыстарын нақтылайды. Көктемде кірісуді жоспарлап отырмыз.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

 

2 ақпан 2022, 09:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.