Атырау, 2 мамыр 23:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаты болып тіркелді

1 356 рет қаралды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының сайтында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қошанов Ерланның тіркелгені туралы хабарланды.

  • «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 002PQ қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  • 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ерлан Жақанұлы Қошановқа берілсін.

  • 2. Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.

  • 3. Ерлан Жақанұлы Қошановқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.

1 ақпан 2022, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.