
Түркістан облысында шекарашылар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 11 ителгіні заңсыз шетелге алып шығу әрекетінің жолын кесті. Тәркіленген құстардың қара нарықтағы құны 100 миллион теңгеден асуы мүмкін.
Оқиға 31 қазанда «Целинный» өткізу пунктінде болған. Сирек кездесетін жыртқыш құстарды ел аумағынан алып шығуға әрекет жасаған кезде Қазақстан азаматы ұсталды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар құзырлы органдарға берілді.
Ителгі — сирек кездесетін құс түрлерінің бірі және мемлекет қорғауында. Бұл жыртқыш құстар сұңқармен аң аулау өнерінде жоғары бағаланады. Сондықтан оларды заңсыз аулау және халықаралық саудаға шығару қаупі жоғары.
В Атырау +15.6