Атырау, 8 қазан 03:27
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Нұрлан Нығматулин өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берді

1 246 просмотра

ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Нұрлан Нығматулиннің өтініш беруіне байланысты, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ОСК сайты. 

Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы Қаулы шығарды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулиннің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.З. Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.

1 ақпан 2022, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.