Атырау, 8 қазан 03:20
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Атырау полициясы бастығының орынбасары әлеуметтік желіге шықты

2 213 просмотра

Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы Ерлан БИҒАМБАЕВ  Facebook-тегі парақшасына ол “Динамо” спорт залында қаңтардағы митингке қатысқандарды ұстап әкелгендерді азаптауға бұйрық берді деген өзіне қатьысты айтылған ақпаратқа қатысты жауап ретінде жазба жариялады. Оның айтуынша, мұның бәрі жалған ақпарат.

- Мемлекеттік қызметкер болғасын жалған ақпараттарға барынша мән бермеуге тырысып бақтым. Ел ішінде жүргесін бәріне бірдей жақпайтын болармын деп өзімді сабырға шақырғанмын. Бірақ, "қанішер, халық жауы" деген айыптауды көріп, көпшілік қолдау көрсетіп, мынаған бір жауап қайтарыңыз деді. Мен ішкі істер саласында қызмет етіп жүргеніме 20 жылдан асты. Атырау кішкентай қала, осы күнге дейін жаман аты шықпаған қызметкерлердің бірімін. Зорлық-зомбылықпен күресіп жүріп, сондай әрекетке өзі барған деген айып тағып, оны нақақтан нақақ жазып тарату тек мен үшін емес, осы салада қызмет етіп жүрген әріптестер үшін де соққыдай болды.Мен мұнымен күресуге бел будым. Осылайша, заң жүзінде өзгенің құқығын қорғап жүрген тәртіп сақшысы ретінде, алғаш рет мен де өз құқығымды қорғағалы отырмын. Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 274-бабымен («Жалған ақпарат тарату») тергеу амалдары басталды.

Биғамбаевтың жазбасынан соң көп кешікпей өз парақшасында қала тұрғыны Сергей ШУТОВ жазба қалдырды. Онда ол Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы оны азаптаған кезде өзі болып, қудалаймын деп қорқытты деп мәлімдеді.

Еске салып өтейік, Шутов 4 қаңтар күні Махамбет-Исатай алаңында митингте болған. Полиция оны үйінен бір апта өткенде, 11 қаңтар күні алып кеткен. Айтуынша, оны бірнеше сағат бойы “Динамо” стадионында азаптаған.

Атырау облысы Полиция департаментінен келіп түскен соңғы ақпарат бойынша, Биғамбаев туралы, жалпы атыраулық полицияның әрекеті туралы әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан адам анықталды. Ақпарат шетелден жарияланған.

Айнур САПАРОВА

31 қаңтар 2022, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.