
Ақтөбе облысындағы «Жайсан» және «Әлімбет» автомобиль өткізу пункттерінде көлік құралдарының жиналуы байқалады. Өңірдің Мемлекеттік кірістер департаменті Ресеймен шекарадағы кідірістердің себептерін түсіндірді.
4 қыркүйектен бастап «Жайсан» өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан Ресейдің «Сағырчин» өткізу пунктінде Ресей аумағынан шығатын жол бөлігінде жол төсемін жөндеу жұмыстары басталды. Осыған байланысты көлік қозғалысы реверсивті режимде, яғни бір жолақ арқылы ұйымдастырылды. Нәтижесінде учаскеде жүк және жеңіл көліктерден кептеліс пайда болды.
«Әлімбет» өткізу пунктіндегі кептелістер пунктті ауқымды реконструкциялау кезеңінде қолданылатын уақытша жұмыс схемасына қойылған шектеулерге байланысты.
Ведомство жағдайдың бақылауда екенін, ал шекара арқылы көлік қозғалысы тоқтатылмағанын атап өтті. Қазіргі уақытта кезектер айтарлықтай азайды. Жүргізушілер мен тасымалдаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше шекарадан өтудің балама бағыттарын таңдауды сұрайды.
В Атырау +20.8