
Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» және «Әлімбет» автокөлік өткізу пунктерінде көлік кептелісі байқалады. Өңірдің Мемлекеттік кірістер департаментінде Ресеймен шекарадағы іркілістердің себебін түсіндірді.
4 қыркүйектен бастап ресейлік іргелес «Сагарчин» өткізу пунктінде («Жайсаң» БӨП қарсы) РФ-дан шыға берістегі жол төсемін жөндеу басталды. Осыған байланысты көлік қозғалысы реверстік режимде — бір жолақ бойынша ұйымдастырылды. Учаскеде жүк және жеңіл автокөліктердің кептелісі пайда болды.
«Әлімбет» БӨП-тегі кептелістер пунктті ауқымды реконструкциялау кезеңінде қолданылатын уақытша жұмыс схемасының шектеулеріне байланысты.
Ведомствода жағдай бақылауда екенін, ал шекара арқылы қозғалыс тоқтамағанын атап өтті. Қазіргі уақытта кезектің қарасы едәуір азайды. Жүргізушілер мен тасымалдаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлауды және мүмкіндігінше шекарадан өтудің баламалы бағыттарын таңдауды сұрайды.
В Атырау +21.2