Атырау, 8 қазан 03:18
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Атырау облысында бір тәулікте 354 адам COVID-19 жұқтырған

1 138 просмотра

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 354 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 221 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 32 науқас анықталды. Ал, 47 - Жылыой ауданында, 14 -  Индер ауданында, 7 - Исатай ауданында, 16 -  Қызылқоға ауданында, 11 - Құрманғазы ауданында, 3 - Мақат ауданында, 3 науқас - Махамбет ауданында анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 188 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 166 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 236 адам емделді.

Қазір 6 911 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 52, модульдік ауруханада - 175, фтизиопульманологиялық орталықта - 58 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 64. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 6 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

28 қаңтар 2022, 08:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.