Атырау, 24 сәуір 00:56
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Мобильді топ енді мейрамхана мен дәмханаларды ​тексермейді

1 884 просмотра

Атырау облысы «қызыл аймақта» тұрғанына қарамастан мейрамхана мен кафелер түнімен жұмыс істеп, отбасылық шаралар тұрақты өтіп жатыр. Бұл коронавирус індетінің таралуын одан сайын күшейтпей ме? - деп мазаланады қала тұрғындары. 

- Мониторинг тобы бұларды неге тексермейді? - осы сауалды жолдап кеше біздің оқырмандарымыз редакцияға хабарласқан еді.

Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы берген жауапқа сүйенсек, қазіргі кезде мониторингтік топ мейрамханаларды тексеруді доғарған.

- Президенттің тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлік нысандарға кіріп тексеру жүргізуге 5 қаңтардан бастап шектеу қойылды. Қазір тексеріс жүргізілмейді, - деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Қаныш МАМБЕТОВ. 

Дегенмен кәсіпкерлік нысандар, Атырау облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 14 қаңтарда жарияланған қаулысының 4.1 тармағында көрсетілген шектеулерді сонда да ескерген жөн шығар.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет «АЖ» мұрағатынан

28 қаңтар 2022, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.