Атырау, 24 қараша 22:28
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ердоған Ресей мен Украинаны татуластырмақ

1 498 просмотра

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Анкараның екі ел арасындағы келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу үшін Ресей көшбасшысы Владимир Путин мен Украина Президенті Владимир Зеленскийдің кездесуін өткізуге дайын екенін тағы да айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Егер екі жақта да бірдей ниет болса, Түркия арадағы бейбітшілікті қалпына келтіруге жол ашу үшін Ресей мен Украина басшыларының кездесуін ұйымдастыруға дайын.Режеп Тайып Ердоған

Түркия Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс ушықпай тұрғанда шешілгенін қалайды. Режеп Тайып Ердоған мәселені қарулы шабуылмен шешу аймақ үшін ұтымды болмайтынын айтқан. 

Айта кетейік, бұған дейін Режеп Тайып Ердоған Владимир Путинді Түркияға шақырған. Бірақ сапардың күні әлі белгіленбеген.

27 қаңтар 2022, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.