Атырау, 18 сәуір 13:38
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Сот хроникасы

1 736 просмотра

Құрманғазы аудандық сотында қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, талапкер жауапкерлерге 18 бас сиырды сатқан, олар үшін 5 100 000 теңге алуға ауызша келісім жасаған, бірақ олар 500 000 ғана төлеген. Сотта талапкер қалған соманы өндіріп беруді сұрады. Жауапкерлер сатып алынған малдың жоғалғанын айтып, талап арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

Сот талапкердің талап арызын қанағаттандырып, оның пайдасына 4 600 000 теңге өндіріп берді.

 

* * * * *

Құрманғазы аудандық сотына ұлын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы өтінішпен жергілікті тұрғын жүгінген.

Сот арызданушының ұлы 2019 жылдан бері психиатр дәрігердің есебінде тұрғанын, I топтағы мүгедек екенін, өз бетінше күтім жасай алмайтынын, үнемі бөгденің көмегіне мұқтаж екенін анықтады. Сот-психиатриялық сараптама оның әрекетінің мәні мен маңызын түсінуге мүмкіндік бермейтін ақыл-ойының кемістігі бар екенін анықтады.

Сот шешімімен ұлы әрекетке қабілетсіз деп танылды.

* * * * *

Индер аудандық соты Өзбекстан азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі («Шетелдіктің Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстанға жеке мақсатпен келген, Индер ауданында уақытша тіркелген, бірақ заңмен белгіленген 10 күндік мерзім өткеннен кейін ел аумағынан шығудан жалтарған.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Оған әкімшілік айыппұл салынды.

* * * * *

Құрманғазы аудандық сотында баланы асырауға алимент өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотта жауапкермен неке бұзылғанын, ортақ баласы бар екенін түсіндіріп, баласы 3 жасқа толғанша оның пайдасына алимент өндіруді сұрады.

Сот шешімімен жауапкерден баланы 3 жасқа толғанша асырауға барлық кіріс түрінен ай сайын 15 АЕК мөлшерінде алимент өндірілді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

27 қаңтар 2022, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.