Атырау, 8 қазан 03:18
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Атырау облысында бір тәулікте 414 адам COVID-19 жұқтырған

1 594 просмотра

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 414 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 262 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 48 науқас анықталды. Ал, 52 - Жылыой ауданында, 12 -  Индер ауданында, 8 - Исатай ауданында, 15 -  Қызылқоға ауданында, 5 - Құрманғазы ауданында, 4 - Мақат ауданында, 8 науқас - Махамбет ауданында анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 280 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 134 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 179 адам емделді.

Қазір 6 788 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 55, модульдік ауруханада - 165, фтизиопульманологиялық орталықта - 57 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 70. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 15 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

27 қаңтар 2022, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.