Атырау, 8 қазан 03:25
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

​Өрт сөндірушілер 90 мың теңгеге қалай өмір сүрерін түсінбей отыр

1 876 просмотра

25 қаңтарда «БатысСервисПлюс» ЖШС-нің Индер ауданындағы №16 депо өрт сөндірушілері еңбекақының аздығына шағымданып, әлеуметтік желі арқылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ атына видеоүндеу жолдады.

Айта кету керек, бұдан бұрын «БатысСервисПлюс» ЖШС-нің Мақат ауданындағы өрт сөндірушілері наразылық танытқан болатын. Олармен аудан әкімі Шәкір КЕЙКИН кездесіп, «БатысСервисПлюс» ЖШС-нің барлық бөлімшелерінде жалақы 30 пайызға өсетінін мәлімдеді. Бірақ индерлік өрт сөндірушілер оны азсынып отыр. 

- Бізге енді айлық еңбекақы 90 мың теңге болатынын айтып, келісім шарт жасаспақ болды. Біз әзірге қол қоюдан бас тартып отырмыз, өйткені ол сомадан «ұстап» қалғанда қолымызға 70 мың теңгеден асатын жалақы тиеді екен. Ол айлықпен қазіргі қымбатшылық кезде өмір сүру мүмкін емес, - дейді индерлік өрт сөндірушілер. 

26 қаңтарда Индер аудандық әкімдігінде осы мәселеге қатысты жиын өтті. Одан кейін біз «БатысСервисПлюс» ЖШС-нің директоры Нұржан АЙМАҒАМБЕТОВТІҢ өзімен тілдескенбіз. 

- Біз жалақыны 90 мың теңгеге дейін өсіруге келіскенбіз, алайда бұл өрт сөндірушілерді қанағаттандырмай отыр. Жиналыста бар жағдайды түсіндірдім. Мекеме бұдан әрі еңбекақыны өсіре алмайды, ол біз үшін күлдей шығын. Бұл жолы өзара келісімге келдік, - дейді Н. Аймағамбетов. - Жаңа еңбек шарты бойынша түнгі, мереке және демалыс күндері қосымша мөлшерде ақы жүретін болады. Енді Атырау, Құлсары, сонымен қатар Исатай, Құрманғазы ауданындағы өрт сөндірушілермен кездесеміз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

28 қаңтар 2022, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.