Атырау, 20 сәуір 18:00
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырау-Дамбы жолындағы және көктайғақтағы басқа да жол-көлік апаттары

Сурет
1 860 просмотра

Бүгін, 26 қаңтар күні сағат 08:20 шамасында Атырау-Дамбы тас жолында орналасқан көлік жуу орталықтарының бірінің тұсында кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды. «Lada Priora» маркалы автокөлігі жолдан тайып кетіп, «Kia Rio» маркалы  және «Ваз 2112» маркалы автокөліктеріне соқтығысқан. Оқиға салдарынан 46 жастағы «Lada Priora» жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. «Kia Rio» жүргізушісі мен «Ваз 2112» автокөлігінің жолаушысы түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді. 

Осы күні таңертең тағы екі ЖКО орын алды. Атырау-Орал тас жолы бойында Береке ауылының тұсында «Toyota Pradо» жүргізушісі басып озу кезінде «ВАЗ-2114» автокөлігіне соқтығысып, соққы екпінімен жол жиегінде орналасқан электр бағанасын қақты.  

«Зардап шеккендер жоқ, материалдық шығын анықталуда», - деп хабарлады полиция департаменті.

 Ал Атырау-Еркінқала тас жолында «Toyota Corolla» автокөлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, «Audi A6» автокөлігімен соқтығысқан.

Полицейлер күннің тайғақ болуына байланысты жүргізушілерді қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және ережелерді сақтауға шақырады. Ал жаяу жүргіншілерді жолды кесіп өткен кезде, автомобильдің тежегіш жолы тайғақ жолда ұзаратынын ескеруді қаперге береді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

ПД ұсынған сурет

26 қаңтар 2022, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.