Атырау, 8 қазан 03:22
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Атырау облысында бір тәулікте 477 адам COVID-19 жұқтырған

1 212 просмотра

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 477 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 274 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 38 науқас анықталды. Ал, 100 - Жылыой ауданында, 14 -  Индер ауданында, 0 - Исатай ауданында, 10 -  Қызылқоға ауданында, 17 - Құрманғазы ауданында, 4 - Мақат ауданында, 11 науқас - Махамбет ауданында анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 242 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 235 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 42 адам емделді.

Қазір 6 474 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 58, модульдік ауруханада - 155, фтизиопульманологиялық орталықта - 52 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 70. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 108 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

26 қаңтар 2022, 09:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.