Атырау, 24 желтоқсан 23:33
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстан Даму банкі басшысының өкілеттігі мерзімінен бұрын аяқталды

1 363 рет қаралды

Қазақстан Даму банкін басқарып келген Абай Сарқұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын аяқталды, деп хабарлады ҚазТАГ банктің баспасөз қызметінен.

«Жалғыз акционердің («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) 24.01.2022 жылғы шешімімен Абай Сарқұловтың «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 25.01.2022 жылдан бастап ҚДБ басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін Банк Басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарған Сандуғаш Кенжебаева тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.

Еске салсақ, 11 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның Даму банкі мәнісі бойынша қаржылай-өнеркәсіптік және құрылыс топтарынан тұратын адамдардың белгілі бір ортасына ғана арналған жеке банкке айналды» деп мәлімдеген еді.

Сарқұлов ҚДБ-ні 2019 жылдың сәуірінен бастап басқарып келді.

25 қаңтар 2022, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.