Атырау, 24 қараша 23:42
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түріктің Анталия қаласында 29 жылдан кейін алғаш рет қар жауды

1 794 просмотра

Ресейлік туристер Анталияда қар жауып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бір күн бұрын Ыстамбұлда қатты қар жауып жолдар жабылып, әуежай жұмысын тоқтатқан еді.

Ал бүгін Мәрмәр теңізінің бірнеше аймағында орта есеппен 50-60 см-ге дейін қар жауған. Сондай-ақ, елдің кейбір орталық провинцияларында және оңтүстігінде жауын-шашын болған.

Бір күн бұрын Үкіметтің төтенше жағдайлар басқармасы қар жауған аймақтардың барлық тұрғындарына мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес берді. Синоптиктер Стамбулдағы жауын-шашын жұмаға дейін жалғасатынын айтып отыр. Республикалық маңызы бар бірқатар авто жолдарды қар басқан.

Анкара мен Стамбул арасындағы жол, сондай-ақ Стамбул әуежайына апаратын жолдар бірнеше сағатқа жабылған.

25 қаңтар 2022, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.