Атырау, 24 желтоқсан 03:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

«Атырау» футбол клубына бразилиялық қосылды

1 508 рет қаралды

«Атырау» футбол клубы бразилиялық футболшы Матеус БИССИМЕН (суретте) келісімшартқа отырды. 30 жастағы ойыншы ортадағы қорғаушы болады.

Ол 2020/21 жылдардағы маусымды литвалық «Паневежис» клубында өткізді, оған дейін португалиялық «Спортинг U-19» және «Туризенсе», бразилиялық «Фламенго Б» және «Марсилио Диас», литвалық «Бангу» және «Стумбрас», мальталық «Биркиркара», поляктың «Ракув», болгариялық «Славия», бахрейндік «Аль-Мухаррак» командаларында ойнады.

Transfermarkt сайты Биссидің нарықтық құнын 125 000 еуроға бағалайды. «Атырау» онымен бір жылға, яғни 2022 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін келісімшарт жасасты.

Айта кетейік, 19 қаңтарда «Атырау» Түркияда жаңа маусымға дайындықты бастады. Оқу-жаттығу жиыны аясында команда төрт бақылау матчын өткізеді - 26 қаңтарда «Приштинамен» (Косово Республикасы), 29 қаңтарда Ирак Олимпиада құрамасымен, 2 ақпанда «Факелмен» (Ресей) және 5 ақпанда «ЛКС» (Польша) командаларымен.

Клуб өзінің шәкірті, 17 жастағы шабуылшы Мұқағали ПАНГЕРЕЙМЕН келісімшарт мерзімін ұзартты. Өткен маусымда ол 16 матчқа қатысып, «Атырау - М» пайдасына сегіз гол соқты, сонымен қатар негізгі команда сапында дебют жасап, Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасына шақырту алды.

Айнұр САПАРОВА

25 қаңтар 2022, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.