Атырау, 24 сәуір 12:59
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болды

1 248 просмотра

Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда сайты.

"Мемлекет басшысының жарлығы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Мәжитұлы Әбдіровтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты өкілеттігі тоқтатылды", - делінген жарлықта.

Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы 1961 жылы 12 қаңтарда Қарағанды облысының Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. КСРО ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор.

Әр жылдары ішкі істер министрлігінде, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігінде түрлі қызметтер атқарды.

2002 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің құрылымында жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап мәжіліс депутаты болды. Төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымдағы мәжіліс депутаты.

2020 жылы тамызда Әбдіров сенат депутаты болып тағайындалды. Сол жылдың қыркүйегінде сенат төрағасының орынбасары болды.

"Құрмет" және "Парасат" орденімен, "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін" медалімен наградталған.

Үйленген, екі баласы бар.


25 қаңтар 2022, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.