Атырау, 24 желтоқсан 03:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырау облысында бір тәулікте 567 адам COVID-19 жұқтырған

1 327 рет қаралды

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 567 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 376 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 45 науқас анықталды. Ал, 80 - Жылыой ауданында, 7 -  Индер ауданында, 0 - Исатай ауданында, 33 -  Қызылқоға ауданында, 11 - Құрманғазы ауданында, 1 - Мақат ауданында, 14 науқас - Махамбет ауданында анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 285 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 282 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 99 адам емделді.

Қазір 5 914 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 56, модульдік ауруханада - 169, фтизиопульманологиялық орталықта - 53 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 70. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 285 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

25 қаңтар 2022, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.