Атырау, 25 сәуір 19:23
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Павлодарда мектеп оқушылары атыс шығарды – оқиғаның мән-жайы

974 просмотра
Көрнекі сурет

Павлодар қаласында жасөспірімдер тапаншадан оқ атып, бірнеше пәтердің терезесіне зақым келтірді, деп хабарлайды sputnik.kz.

Оқиға 23 қаңтарда Павлодар қаласында болды. Компьютерлік ойыннан шыққан жеті жасөспірім балконға шығып, көрші үйдің терезесіне оқ жаудырды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 23 қаңтар күні кешкі сағат 17.47-де Павлодар қаласының 34 жастағы тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз біреулердің терезеге оқ атқанын айтты. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы барды. Тексеріс кезінде Бұқар жырау көшесіндегі үйдің балконынының терезелері бұзылғаны анықталды.

Полицейлер үй тұрғындарынан жауап алып, оқ атқан адамдарды тапты. Олар Павлодар қаласының №6, 16, 24, 29 және 34 мектептерінің оқушылары болып шықты.

"23 қаңтарда жеті жасөспірім досының үйіне барып, компьютерлік ойын ойнаған. Біреуі өзімен бірге танысынан алған тапаншаға ұқсас затты алып келді. Жасөспірімдер оны көріп, тапаншаның қалай ататынын тексеруге шешім қабылдайды. Одан кейін балконға шығып, бесеуі кезек-кезек оқ атты", - дейді полицейлер.

Бес оқтың бағыты әртүрлі болды. Екеуі қарсы тұрғын үйдің балконына тиген.

Тәртіп сақшылары тапаншаға ұқсас затты тәркіледі. Қазіргі кезде сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қатысты іс жүргізу шешімі қабылданады.

Айта кетері, кәмелетке толмағандардың іс-әрекеті үшін ата-анасы немесе заңды өкілі жауап береді.

24 қаңтар 2022, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.