Атырау, 22 ақпан 16:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Қазақстанда базалық мөлшерлеме өсті

1 534 рет қаралды

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме жылдық 10,25 пайызға дейін өсетінін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 10,25 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 11,25 пайыз, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 9,25 пайыз болады", - делінген хабарламада.

Ұлттық банк мәліметінше, шешім инфляция 2022 жылдың аяғына қарай белгіленген 4-6 пайыз нысаналы дәлізге кіру қажет екені ескеріле отырып қабылданған.

6 желтоқсанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75 пайыз деңгейінде сақтап қалды.

24 қаңтар 2022, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.