Атырау, 8 қазан 05:31
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Атырауда полиция құтқарушы рөлін атқарды

1 580 просмотра

Түнгі сағат бірдің шамасында полицияға Вокзал маңы ықшам ауданындағы көпқабатты үйдің 3-қабатындағы балконнан кішкентай бала тұрғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері Гизатолла Рахметов пен Мадиев Файзолла келді.

Пәтердің есігі құлыптаулы тұрған. Полицейлер жоғары қарай өрмелеп, баланы аман-есен құтқарып алды. Пәтерде бүлдіршіннен басқа адам болмаған.

Кейін 4 жасар баланың ата-анасы оны құрбысына уақытша қарай тұруға тастаған едік деп түсіндірген, ал ол пәтерді құлыптап, кілтті подьезд ішіне жасырып кеткен. Ата-анасы баланы қауіптен сақтап, құтқарған полицейлерге алғысын жеткізді. 

Атырау облысы полиция департаменті балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және оларды жалғыз қалдырмауды сұрайды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен бейнежазба ПД

24 қаңтар 2022, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.