Атырау, 26 сәуір 15:41
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырауда қанша адам ұсталды – Бақытжан Төреғожинаның тізімі

1 624 просмотра

Белгілі құқық қорғаушы Бақытжан ТӨРЕҒОЖИНА әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанның түрлі қалаларында, соның ішінде Атырауда қамауға алынғандардың тізімін жариялады. 

Оның командасы орасан жұмыстарын жалғастыруда. Талдықорғанда тізім 67 адамнан тұрады, Семейде – 91, Павлодарда – 109, Қызылордада – 82, Ақтөбеде – 69, Алматыда – 21, Қостанайда – 175, Өскеменде – 203 және Атырауда – 277 адам тұр. 

Тізімді құрастырушылар оның түрлі себептермен толық емес екенін ескертеді. Мәселен, Алматыда қаңтардың 4-і мен 10-ы аралығында төтенше жағдай мен интернеттің жоқтығы салдарынан сот жұмысы тоқтап қалғандықтан, олар небәрі 21 істі тапқан. Бұдан басқа, 5 қаңтарда бұрын әкімшілік қамауға алынғандардың барлығы еш түсіндірілместен арнайы абақтыдан босатылып, олар дереу алаңға шыққан. Бұл тізімде олар таба алған жандар ғана бар, тізім жаңартылмайды. 

– Іс жүзінде ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар әлдеқайда көп. Мәселен, Атырауда осы уақыт ішінде ресми түрде 650 азамат ұсталып, оның 402-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Билік ел бойынша 10 мың адамның ұсталғаны туралы айтты. Бұл тізімдер осы күндері ел бойынша қанша адамның ұсталғанын түсіну үшін жарияланып отыр. Бірақ тізімде аталмай қалған жандар https://taplink.cc/qantar_2022 сілтемесі арқылы сауалнама толтыра алады, - деді Бақытжан Төреғожина телефон арқылы сөйлескен кезде. 

Құқық қорғаушының парақшасында қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккендер, жақындары қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткендер үшін ақпарат берілген, кезекші прокурорлардың, «Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы» қоғамдық бірлестігінің байланыс деректері бар. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 қаңтар 2022, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.