Атырау, 27 сәуір 08:27
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Екі қарақшы әйелді тонады

1 243 просмотра

20 қаңтарда кеште полицияға Атырауда уақытша тұрып жатқан 35 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны хабарласты. Ол белгісіз екі ер адамның пәтеріне заңсыз кіріп, пышақпен және қаруға ұқсас затпен қорқытып, ұрып-соғып, “Айфон 6с”, “Samsung” маркалы ұялы телефондарын, “Apple Watch” маркалы смарт қол сағатын, екі дана алтын сырғасын тартып алып және 1 млн 576 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұялы телефондағы “Kaspi” қосымшасы арқылы басқа есеп шотқа аудартып алғанын айтып шағымданды.  

Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері мен Батыс-18 қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларын жүргізіп, ізін суытпай 1996 ж.т. және 1998 ж.т., екі күдіктіні ұстады. Олардан жаңағы екі ұялы телефон, екі алтын сырға, смарт қол сағаты, пневматикалық қару мен 1 млн 14 мың теңге көлемінде ақша тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 192-бабының 3 бөлігімен ("Ірi мөлшердегі мүлiктi жымқыру мақсатында жасалған қарақшылық") қылмыстық іс тіркеліп, екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 қаңтар 2022, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.