Атырау, 8 қазан 05:23
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

​Құтқарушылар баланың денесін Перетаска каналынан тапты

1 166 просмотра

23 қаңтарда сағат 19.00-де Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері Перетаска каналының ортасына жақын жерде жоғалып кеткен баланың денесін тапты. 

Баланы полиция, құтқарушылар мен еріктілер тобы тәулік бойы іздеді. Ол 22 қаңтарда кешке қарай жоғалып кеткен еді.  

Еске сала кетсек, былтыр қаңтарда Перетаска каналында 9 жасар екі ер бала суға батып кетті. Қала маңындағы Құрсай ауылында тұратын Әлихан мен Жанболат 11 қаңтарда үйлерінен шығып кетіп, қайта оралмады. Кейін олардың денесі каналдағы судан табылды. Балалар шанамен ойнап жүріп, мұздың жарылған жерінен суға түсіп кеткені анықталды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 қаңтар 2022, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.