Атырау, 20 сәуір 18:34
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Кәріз құдығына лас су төккен

Сурет
1 336 просмотра

Атырауда 21 қаңтарда сағат 17 шамасында полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Темірханов көшесі бойындағы кәріз құдығына лас су төгіп жатқан “Газ-3309-1357” маркалы автокөлігін байқап қалды. Сол жерге дереу жіберілген патрульдік полиция қызметкерлері көлігінің мемлекеттік белгісі оқылмайтын күйде болған 31 жастағы жүргізушіні анықтады. 

Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 2-бөлігімен ("Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін")  және 590-баптың 1-бөлігімен ("Мемлекеттік тіркеу нөмері белгілері оқылмайтын немесе стандарт талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылғанғаны ұшын") әкімшілік хаттама  толтырылды. Оған 107 мың 205 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, 2021 жылы кәріз құдығына заңсыз лас су төккен 80-ге жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бейнежазбаны ПД ұсынды

24 қаңтар 2022, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.